KZ
Өскемен
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
480.63 535.13 5.27

Өскеменде кәріз құбырының жаңа желісі іске қосылды

23.04.2012, 18:00 180


Өскеменде ұзындығы 1600 метрден астам кәріз құбырының жаңа желісі іске қосылды.

Оны салу жұмыстары өткен жылдың соңында басталған болатын, енді коммуналдық қызмет өкілдері апат болмайды деген үмітте.

«Өскемен-Суарнасы» кәсіпорнының басшысы Ержан Әубәкіровтің сөзіне қарағанда, ескі кәріз коллекторы 1984 жылы салынған. «Темірбетонды құбырдың көпке, 27 жылға шыдағанымен, оны ауыстыратын уақыт келді».

Жұмыстың жалпы құны - 800 млн. теңге. Кәріз құбырының қатарынан екі жүйесін ауыстыру жұмыстары біраз қиындықтар әкеліп, кейбір жерлерді су басты. Бүгінгі күні судың деңгейі 1 метрге дейін азайды. Алдағы уақытта осындай жерлерді өңдеу бойынша алдын алу жұмыстары жүргізілетін болады, деді қалалық коммуналдық қызметтің директоры.

Кәріз құбырлары 80 жылға шыдайтын шойын құбырларға ауыстырылды. Бұл құбырлардың әрқайсысы компьютерлік бақылаудан өтті. Компанияда мәлім еткендей, бұндай құбырлар Қазақстанда шығарылмайды, сондықтан да олар әскери зауыттан сатып алынды. Осыған ұқсас құрылғылар Өскеменде 3 жыл бұрын пайдалануға берілген еді.

«Құбырларды ауыстыру кезінде ыңғайсыздық келтіргеніміз үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз. Құбырларды өткізу аяқталды және де 1 мамырға дейін қазылған барлық аумақтар тәртіпке келтіріліп, жолдарға асфальт төселеді», - деді кәсіпорын директоры Ержан Әубәкіров.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив