KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

"Сәл шыдай тұрыңыздар!" Жақсылық Омар Меновное ауылын аралады

3.11.2018, 10:12 221

 


Меновное ауылындағы барлық тұрғын үй мен мекемелер орталықтандырылған су құбыры мен кәріз желісіне қосылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ал тас жолдардың талқанын шығарып, ұзыннан ұзақ ор қазып, көшенің ми батпағын шығарған құрылыс жұмыстары көп ұзамай тиянақталады. Сәл шыдай тұрыңыздар!


Бүгін аталған ауылға жұмыс сапарымен келген Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар жүргізіліп жатқан жұмыстарды көзімен көріп, жауапты мамандарды әңгімеге тартты. Мердігер компания «DK Proekt» ЖШС басшылығының айтуынша, су, кәріз желісін тарту және көшелерді абаттандыру жобасы келер жылдың қыркүйегінде тас-түйін болады.


– Бүгінге дейін жермен байланысты жұмыстардың барлығы . Келер жылға тек абаттандыру ғана қалып отыр. Ол жұмысты мердігер компания 1 қыркүйекке дейін тындыруға уәде беріп отыр, – дейді қалалық ТҮКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руфат Акрамов.


Бөлім басшысының айтуынша, Меновное ауылындағы жалпы ұзындығы 29 шақырым болатын кәріз желісінің құрылысына бюджеттен бір миллиардтан астам теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі күні құбырдың 27,5 шақырымы тартылған. Енді қалған 1,5 шақырымы жүргізіліп, абаттандыру және жолдағы қопарылған асфальтті қалпына келтіру жұмыстары атқарылмақ.


Айта кетейік, бұл ауылдағы тұрғын үйлердің басым бөлігі жеке үйлер. Сондықтан кәріз бен су құбырының тартылуы жергілікті халық үшін қуанышты жаңалық екені түсінікті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив