KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Кәріз құбырлары жаңартылды

30.04.2012, 18:00 331


Облыс орталығындағы «Өскемен су арнасы» КМҚК кәріз құбырлар жүйесінің алғашқы торабын сәтті іске қосты. Бұл жөнінде кәсіпорын директоры Ержан Әубәкіров мәлім етті.

Естеріңізге салсақ, қаладағы ескірген (1984 жылғы) темір-бетонды кәріз құбырын ауыстыру жұмыстары өткен жылы басталған-ды. Жалпы, темір-бетонды құбырлардың жұмыс істеу уақыты 20 жыл. Десек те, жүйені жаңартуға қажеттілік туындаған.
Құрылыстың жалпы құны 800 миллион теңгедей, құбырдың ұзындығы – 1600 метр. Мамандардың айтуынша, жұмысты екі торапта қатар жүргізгендіктен біраз қиындықтар туындаған екен. Мұның соңы судың сыртқа жайылуына әкеліп соқтырған. Дегенмен, қазір судың деңгейі бір метрге төмендеген, тиісті шаралар атқарылуда. Апат салдары 1-мамырға дейін толық қалпына келтірілмек.
Айта кету керек, жаңадан төселген кәріз жүйесінің сырты 80 жылға шыдас беретін шойын құбырлармен жабылыпты. Бұл оның ұзақ уақыт жұмыс істеуіне мүмкіндік береді деп отыр мамандар.

altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив