KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, З
439.4 473.54 4.76

Семейдегі ашық жатқан кәріз құдықтары полимерлі қақпақтармен жабылады

22.01.2013, 18:00 250


Семей көшелеріндегі ашық жатқан кәріз құдықтары полимерлі және гранит пен тас үгінділерінен жасалған қақпақтармен жабылатын болады. Қазіргі күні қала бойынша «Семей - Водоканал» мекемесінде – 198, «Теплокоммунэнерго» мекемесінде – 80 құдықтың беті ашық жатыр. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ өкілдеріне Семей қалалық ТҮКШ бөлімінің бастығы Орынғали Исмаилов айтып берді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өткен жылы «Семей - Водоканал» кәсіпорнының 1100 кәріз қақпағы жоғалып кеткен. Соның салдарынан ол жерлерді уақытша темір бетонды плиталармен жабуға тура келді. Бұл кемшілікті жою мақсатында қала әкімінің орынбасары Димитрий Гариков металл сынықтарын қабылдайтын мекеме басшыларымен, ІІБ өкілдерімен шойын қақпақтарды қолды етушілерге қарсы бірлесе жұмыс атқару үшін бірнеше мәрте кездесу өткізген еді. Бұл мәселені жедел арада шешуге коммуналдық қызмет мамандарының шамасы жетпейді, өйткені, белгіленген тарифке қақпаққа кететін қаржы қарастырылмаған. Қалалық әкімдік шешіміне сәйкес ашық жатқан қақпақтар мәселесін шешу үшін жергілікті бюджеттен заманауи металл емес қақпақтарды пайдалану үшін қосымша қаржы қарастырылды. Осыған байланысты қаламыздағы екі мекеме қала билігінің назарына полимерлі қақпақтар мен гранит пен тас үгінділерінен жасалған қақпақтарды ұсынуға дайын. Соған қарамастан кәріз қақпақтарын ауыстыру жұмыстары өткен жылдың күзінде біртіндеп іске аса бастаған болатын. Бөлім бастығы Орынғали Исмаиловтың сөзіне сүйенсек, бұл мәселе 2013 жылдың аяғына дейін толықтай өз шешімін таппақ. Тағы бір айта кетерлік жағдай қалада қараусыз, иесіз жатқан кәріз қақпақтары да бар көрінеді. Солардың бірі орналасқан Титов көшесі бойындағы кәріз құдығына осыдан 2 ай бұрын 6 жасар Артем Новиков құлап кеткен еді. Баланы бірнеше күн іздеу жұмыстарына қарамастан, құтқарып қалу мүмкін болмады. Бөлім басшысы осы жайтқа байланысты тергеу жұмыстары жүргізілгенімен кәріз қақпағының иесін анықтай алмаған. Ал, кәріз қақпағы қаладағы ешбір схемада көрсетілмеген. Осыған орай ешкімді жауапкершілікке тарту мүмкін емес.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив