KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Валерия Цой сноубордтан Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды

3.04.2012, 18:00 120


ШҚО ТЖД қызметкері Валерия Цой сноубордтан Қазақстан чемпионатының абсолютті жеңімпазы. Слалом және гигант-слалом қашықтығынан ол қарсыластарын озып шықты.

Өз артықшылығын ол Республикалық Чемпионатта ғана дәлелдеп қоймай, Ванкувердің олимпиада чемпионы, сонымен қатар 2011 жылдың әлем чемпионынан жуықта өткен Әлем кубогы кезеңінің біліктілігін ұтып алды. Бұл жетістіктер жас және болашағы зор спортшыға өз еңбегіне деген сенімділігін арттырды, сонымен қатар мақсатына жетуіне, яғни Сочиде өтетін Олимпиадаға лицензия алуына біршама жақындатты. Егер Валерия ары қарай да табысты көрсеткіштерге ие болып, келесі Әлем кубогы кезеңінде 90 қатысушының арасынан 30 мықтылар ішіне кіретін болса, онда Цой лицензияға ие бола алады, дем хабарлайды ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі.

Валерия Цой осы спорт түрімен кәсіби айналысатын Қазақстандағы бірінші сноубордшы қыз екенін атап өту қажет. Ол сноубордтан Қазақстан құрама командасының каптианы. Оның есебінде бірнеше жеңістер бар. Валерия өзін мақсатқа ұмтылғыш, келешегі зор, күннен күнге жетілуге және күресуге әзір спортшы ретінде көрсетті. Оны тек біздің мемлекетіміз ғана емес, сонымен қатар шетелдіктер де көрді. Жуықта Валерия Канаданың құрама командасына бірлесіп жаттығуға шақырту алды. Әзірше бұл ұсынысты ол отбасымен келісіп жатыр. Спортшының қалыптасуына оның отбасы маңызды және ерекше роль атқарады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив