KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями Штиль
481.84 531.33 5.07

Галышева Тадзавакода қола жүлдеге қол жеткізді

24.02.2019, 05:11 210

Фристайлдың могул түрінен Жапонияның Тадзавако өңірінде өткен Әлем кубогы кезеңінде Юлия Галышева үздіктер қатарынан көрінді.


Биылғы Әлем чемпионатының жеңімпазы жарыстың ақтық сынына дейін жетіп, 76,92 ұпаймен доданың қола жүлдегері атанды. Жерлесіміз тек 82,97 ұпай жинаған франциялық Перрин Лаффон мен 79,87 ұпай еншілеген австралиялық Джакара Энтониге ғана жол берді.


Жарысқа қатысқан өзге спортшыларымыз, атап айтсақ, Аяулым Әміренова, Павел Колмаков, Сергей Романов, Александр Геберт пен Олег Цинн бұл жолы жүлдеге іліне алмады.


Естеріңізге салайық, осыдан бірер апта бұрын АҚШ-тың Парк-Сити қаласында өткен Әлем біріншілігінде Юлия Галышева 79,14 ұпай жинап, өз спорттық мансабында тұңғыш рет жаһандық доданың алтынына қол жеткізген болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив