KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.55 533.75 5.36

Кедейлік деңгейі Қазақстанда төмендеп келеді

1.04.2012, 18:00 118


Қазақстанда кедейлік деңгейі төмендеп келеді. Атап айтқанда, аталған көрсеткіш 2001 жылмен салыстырғанда 7 есеге, ал 2006 жылмен салыстырғанда 3 есеге төмендеген.

Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутаттар сауалына жауап берген Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов осылай мәлім етті.

«Дегенмен қалалық және ауылдық жерлердегі, сондай-ақ аймақтар арасындағы кедейлік деңгейлерінің айырмашылығы айтарлықтай. Мысалы, ауылдық жерлерде кедейлік деңгейі қалалық жерлерге қарағанда 3 есеге дейін жоғары болса, аймақтар арасындағы айырмашылық 5 есеге дейін. Дегенмен жалпы алғанда кедейлікке қарсы оң өзгерістер байқалуда. Мысалы, Қазақстандағы халықтың арасындағы ең бай және ең кедей адамдардың арасындағы табыс айырмашылықтары соңғы 10 жылда 1,5 есеге төмендеді. Осының өзі жұртшылықтың жағдайының жақсарғанын көрсетеді»,-деді Ә. Смайылов.

Төрғаның айтуынша, Қазақстандағы кедейлер көрсеткіші 6,5 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш Беларуста 5,2, Ресейде 12,6 пайыз.

«Алайда, әр елде өзінің мемлекеттік кедейлік шегі әрқалай. Мысалы, Қазақстанда бұл шек 13487 теңгені құрайды. Ал ресейде бұл 2 есе жоғары - 27587 теңге болса, Қырғызстанда 1314 теңге»,-деді Ә. Смайылов.

Мәлiметтiң көзi: ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив