KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

«Көрінбейтін» көліктер шығарылмақ

27.03.2012, 18:00 124


Mercedes компаниясы жаңадан «көзге көрінбейтін» көлік шығарды. Адам көзіне көрінбейтін әсерді жүзеге асыру үшін Mercedes-Benz-тің ақылгөйлері F-CELL сутегі технологиясын қолданған. «Мерседестегілер» көліктің жүргізуші жағын жарықдиодтарға толы алашалармен жабыстырып, темір тұлпардың қарама-қарсы жағына сандық бейнекамераны орналастырды. Камера жолаушы жақтағы көріністі қабылдай отырып, бейнені сол жарық шығарғыш диодтарға түсіріп отырған. Осындай қызықты технологияның арқасында «көзге көрінбейтін» көлік пайда болды.

Mercedes өз көлігін жарнамалау мақсатында бейнеролик те түсіріпті. Бұл айтылған көлік 2015 жылдан бастап өндіріске шығарылмақ. Алайда мұндай темір тұлпар жолда келеңсіз жағдай тудыра ма, жоқ па, оны 2015 жылы білетін боламыз.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив