KZ
Өскемен
+3°
ясно жел 4 м/с, З
483.23 534.74 5.12

Кореяда ең алғашқы көрінбейтін мұнара салынады

7.02.2012, 18:00 219


- Оңтүстіккореялық сәулетшілер ойлап тапқан бұл жоба әлемнің сегізінші кереметі атана алады. Бұл әлемдегі ең алғашқы Tower Infinity атты көрінбейтін мұнара, деп хабарлады РосБизнесКонсалтинг.
Нақты айтқанда мұнара толығымен емес, тек оның кей жерлері ғана көрінбейтін болады. Ол көп мөлшердегі мөлдір кристаллдан салынады. Бұл мұнараның жартылай көрінбейтін болуы үшін арнайы материалдар мен оптикалық технологиялар қолданылады.

Мұнараның жобасын GDS Architects сәулет компаниясының мамандары жасады.

Бұл ғимаратты 2014 жылға қарай салып бітірмек. Tower Infinity мұнарасының биіктігі 450 метрді, ал құрылысқа ұсынылған алаңның көлемі 145,5 мың шаршыметрді құрайтын болады.

Мұнараның шамамен 400 метр биіктігінде әсем көріністі бақылауға арналған арнайы қарайтын алаң жабдықталады. Ғимараттың негізінде коммерциялық, мәдени, ойын-сауық және спорт нысандарын - сауда орындары мен дәмхана, аквапарк ашу жоспарланып отыр.

Tower Infinity басқа мұнараларға қарағанда әлемдегі ең биік және қымбат мұнара болып табылуымен ерекшеленетін болады. Ол Оңтүстік Кореяның символы болмақ.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив