KZ
Өскемен
+24°
небольшой дождь жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Дәрігердің қабылдауына ғаламтор арқылы жазылуға бола ма?

27.03.2012, 18:00 127


– Өскемендегі амбулаториялық орталық дәрігерлерінің қабылдауына ғаламтор арқы-лы жазылуға болады дейді. Сол рас па?

Шолпан Сағатбекқызы

Зайсан ауданы.


Бұл сұраққа амбулаториялық орталықтың операторы жауап береді:

– Иә, бүгінде дәрігерлердің қабылдауына ғаламтор арқылы да жазылуға болады. Ол үшін ambulatory.kz. сайтына кірсеңіз болғаны. Ондағы оператор күнделікті сағат 7.30-дан 16.00-ге дейін тиісті сұрақтарға жауап беріп, дәрігерлердің қабылдауына жазып отырады.
Барлық дәрігерлердің аты-жөні, біліктілігі жайындағы ақпарат сайтта егжей-тегжейлі көрсетілген. Осы қызмет арқылы қай дәрігердің қабылдауына барғыңыз келеді, талон қажет пе, жоқ па, кейбір ақылы қызметтердің бағасы қанша екенін біле отырып, жақын уақытқа ғана емес, тіпті келесі сәуір айына да өзіңізге қолайлы уақытқа алдын ала жазылуға болады. Тұрғындар 75-42-40, 40-04-08 телефондары арқылы да жазылады. Бірақ хабарласушылар саны өте көп болғандықтан байланыс желісі бос болмай қалуы да ықтимал. Сондықтан ғаламтор арқылы жазылу өте тиімді.
Мұқият медициналық тексеруден (УДЗ-диагностика, ЭХО-КГ, Холтеров мониторингі, мамандардың тексеруі) өту үшін VIP-қабылдауға да жазылуға болады. VIP қабылдауға ambulatuk_VIP@mail.ru поштасына хабарлама жазу арқылы да тіркелуге болады.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив