KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Құралай Нұрқаділова мұсылман киімінің жаңа желісін ұсынды

1.03.2012, 18:00 121


«Kuralai» жоғары сән үйінде «Kuralai-Muslim» желісі бойынша жаңа киім үлгілерінің көрсетілімі өтті. «De Lux» санатына жататын жиынтық – танымал қазақстандық модельер Құралай Нұрқаділованың Гүлмира Есімовамен бірлесіп шығарған туындылары.

Желі негізінен жоғары сапалы матадан тігілген, өрнектермен әрленіп, Swarovski тастарымен және стразаларымен көмкерілген бұйымдардан тұрады. Жиынтық авторы Құралай Нұрқаділованің айтуы бойынша, ұсынылған киім-кешектер аса ерекше салтанатты жағдайларға арналған, олардың бағасы 20 мен 150 мың теңге арасында ауытқиды.

«Соңғы кездері Қазақстанда мұсылман киімдеріне деген сұраныс көбейді. Қыз-келіншектер, ата-бабаларымыздың дәстүріне сай болмаса да, қатаң мұсылман заңдылықтарына сәйкес киінгенді жөн санауда. Мен, дизайнер ретінде, нәжік жанды әйел затына мұсылман киімдерінің араб әлемі елдерінде қалыпқа айналған бірбеткей үлгісінен бөлек, өзіндік нұсқасын ұсынғым келді», - дейді Қ.Нұрқаділова.

Дизайнердің айтуына қарағанда, «Kuralai-Muslim» желісі қатаң мұсылман заңдылықтары мен қазақ ұлттық киімдерінің қанық түстерін қоса біріктіреді.

bnews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив