KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Катонқарағайда ЖАС ТУРИСТ бекеті жұмысын бастады

28.02.2012, 18:00 145


Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауында туризмді дамыту, еңбекшілердің бос уақытын мәнді де сәнді өткізуге жергілікті жердегі басшылардың бірінші кезекте көңіл бөлу қажеттігі баса айтылған-ды. Катонқарағай ауданында бұл саланы іске асыруда мақсатты да бағдарлы шаралар жүзеге асырылуда.
Қазір ауданда «Рахман қайнары», «Нұр бұлақ» шипажайы, басқа да 9 пантымен емдеу орындары қызметін халыққа ұсынуда.
Жақында ауданда іссапарда болған кезде, тағы бір бәрекелді дейтіндей игілікті шараның куәсі болдық. Себебі, елімізде жастарды табиғатты аялап, сүюге, оны сақтауға, туризм көкжиегін кеңейтуге деген бастама тұңғыш рет көтеріліп отыр.
Қатар-қатар сап түзеген екі мектептің ортасындағы қарағайдан қиып салынған «Жас туристер бекеті» деген айшықты жазуы бар үлкен үйдің алдына мектеп оқушылары, тұрғындар көп жиналыпты. Ақын жігіт әннен шашу шашқан соң аудан әкімі Арман Бекбосынов сөз алды.
– Құрметті жерлестер, «Жас турист бекетін» ашудағы мақсат – шәкірттердің туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, Елбасының еліміздегі туризмді дамыту бағытындағы тапсырмасын орындау. Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ келген сайын туризм көкжиегін кеңейту жөнінде міндеттер қояды. Өткен жылы ауданға 9 мыңнан астам туристер келіпті. 131 миллион теңгеге туризм қызметін көрсеттік. Ал бүгінгі ашылып отырған «Жас туристер бекеті» мемлекеттік коммуналды қазыналық кәсіпорнында 12 адам қызмет етіп, таулы өлкені жаяу аралату сияқты туризм түрлерін мектеп оқушыларына үйретпек. Олар сертификат алып шығады, әрі қарай білімдерін жалғастырғысы келсе, жеңілдіктерге ие болады, – деді аудан әкімі.
Бұдан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов жас туристерді құттықтап, оларға өңір басшысы Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ құттықтауын жеткізді.
«Жас туристер бекеті» мекемесінің директоры Айжан Жұматоваға аудан әкімі компьютер сыйлады. Бұдан кейін шашу шашылып, мектеп оқушылары концерт қойды. «Эльхон» ЖШС-інің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Ұлықбек Тумашинов бекет ұжымына 30 пар шаңғы сыйлады.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив