KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Катонқарағай ауданында туризмнің жаңа түрі қолға алына бастады

20.06.2018, 10:46 292

Катонқарағай ауданында мәдени-танымдық туризмді дамыту қолға алынды. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинның айтуынша, осы бағыттағы негізгі жұмыстар кәсіпкерлердің өз қаражаты есебінен жүргізілмек, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Соңғы жылдары табиғаты көркем бұл өңір Берел қорғанындағы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлері арқылы еліміздің ғане емес, әлемнің де туристерінің назарын өзіне аудартты. Сонымен қатар Рахман қайнары, Мұзтаумен танылған өңірде мәдени-танымдық туризмді дамыту қиынға соқпас.


Жыл сайын жүздеген турист ағылатын Катонқарағай ауданында биыл «Темірлан» демалыс базасының «Баян» сауықтыру кешенін кеңейту жұмыстары да жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, Белқарағай ауылында пантымен емдеу орталығы ашылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив