KZ
Өскемен
+22°
пасмурно жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Шыңғыстай туристік кластерге енгізілді

10.03.2013, 18:00 172


Шығыс Қазақстанда туризмді дамытудың кластерлік бағдарламасының шеберлік жоспарын «Қазақстанның индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы мен Германияның «IPK International» компаниясы әзірлеп жатыр. Жобада туристік индустрияны дамытудың үш негізгі және үш екінші дәрежелі кластерлері анықталды. Бұл жоспарға Катонқарағай ауданынан туризмнің жазғы және қысқы түрлерін дамыту бағытында Шыңғыстай кластері енгізілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Катонқарағай ауданында туризм саласын дамытуға жан-жақты жағдайлар жасалып жатыр. Қазіргі уақытта «Рахман қайнары», «Нұр-Бұлақ» шипажайлары және тоғыз пантымен емдеу орындары туристерге өз қызметтерін көрсетумен айналысуда. Осы ауданда ашылған «Жас турист» стансасының командасы «Менің Отаным – Қазақстан» атты облыстық байқауында бас жүлдені жеңіп алды.

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі жаяу жорықтар және атқа салт мініп жүру бағыттары үлкен сұранысқа ие болып отыр. Былтыр демалушылар мен туристердің саны 11 мыңнан асып, 22,2 пайызға көбейді. Көрсетілген туристік қызметтердің жалпы көлемі 144,8 млн. теңгені құрады.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив