KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Жиналмалы автокөліктер пайда болды

19.02.2012, 18:00 221


Испандық инженерлер екі орынды, электрлі қозғалтқышпен жабдықталған көлік жасады. Ол қозғалысы қарқынды және көлік қоюға орын жетпейтін үлкен қалалар үшін арналған. Бір қызығы...

көліктің 4 дөңгелегі де бұрылады, ол «темір тұлпардың» бір орында айналу ептілігін арттырады. Одан басқа, көлік кузовының арнайы конструкциясының арқасында оның кабинасы жоғары бүктеліп, жиналады. Бұл мүмкіндік онсыз да кішкентай көліктің көлемін кішірейтеді. Аккумулятор заряды 120 шақырымға жетеді, ал көліктің жылдамдығына электроника шектеу қояды. Ол қауіпсіздік және жол қозғалысы ережелерін бұзбау үшін жасалған. Жаңа көлік алыс жолдарға арналмаған.
Көліктің бағасы 12500 еуродан аспайды, ол Еуропа қалаларының жолдарында 2013 жылдан бастап жүреді деп жоспарлануда.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив