KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 7 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Үйге шырша құрудың алты тәсілін айтып берді

21.12.2018, 10:17 135


Үйге жасанды шырша құрарда ескерілуі тиіс алты нәрсе бар. Ол қандай? Өскеменде сертификатталған салют, пистон мен жарқылдақ сымдар – жалпы пиротехникалық бұйымдар қай жерлерде сатылады? Осы сұрақтардың жауабын полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің аға инспекторы Талғат Искаков және төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискова тарқатып айтты.


– Өскеменде үш-төрт нүктеде ғана сертификатталған тауарлар сатылады. Виноградов көшесі, 17а мекенжайындағы «Ұлан» серіктестігінің, «ДосНар» базарындағы «Шығыс таңы» серіктестігінің тауарлары және «Арзан» сауда кешеніндегі тауарлар сертификатталған. Осы аталған жерлерден өзгесінен жаңа жылдық бұйымдар сатып алу қауіпті. Ең әуелі ашық базарлардағы заттар дұрыс сақталмайды. Жауын-шашын мен қардың астында тұрғандықтан бұзылып кетеді, – деді инспектор.


Заң өкілінің сөзінше, әкімшілік полиция бөлімінің рұқсатынсыз сауда сатқандар мен көпшілік орында пистон атқан кәмелеттік жасқа толмағандардың ата-анасына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл әкімшілік кодексте көрсетілген.



– Өрт сөндірушілер қазіргі уақытта күшейтілген жұмыс кестесіне көшті. Мекемелерде жаңа жылды мерекелеу басталып та кеткені мәлім. Бір айта кететіні, мектеп пен балабақшалардағы шараларды құтқарушыларды шақырмай өткізбеу керек. Айтпақшы, тағы бір маңызды мәселе бар. Тұрғындардың үйге жасанды шырша құруы туралы. Оны қалай құрады? Төтенше жағдай қызметкерлері міндетті түрде ескерілуге тиіс алты нәрсені айтып берді. Халықтың басым бөлігінің мұны білмесі анық, – дейді құтқарушылардың өкілі.


Бірінші, отқа жанбайтын материалдан құралған шырша таңдаңыз. Сертификатпен таныссаңыз, онда жазылып тұрады;


Екінші, шыршаның жиһаздар мен жылыту батареясынан, пештен бір метр қашықта болуын ескеріңіз;


Үшінші, шыршаның мықты орналасқанын тексеріңіз. Құлап кетсе, балаларды жарақаттауы мүмін;


Төртінші, шыршаға көбінше жеңіл заттар ілуге тырысыңыз. Шыршаның құлап кетуі ауыр ойыншықтардың салмағы басып кетуінен болады;


Бесінші, қағаз, мақтадан жасалған ойыншықтар ілінген шыршаның маңында бенгал шамын жақпаңыз. Өкінішке қарай өрттің шығуына көбіне осы жағдай себеп болады. 2015 жылы қаладағы Красина көшесінде осындай жағдайдан бір үй отқа оранған екен;


Алтыншы және ең маңыздысы, электр жүйесінің қауіпсіздігін тексеріңіз. Гирлянда сымын, удлинитель яғни жалғамалы ток желісін пайдаланбай, рәзеткіге тікелей жалғаңыз. Балаларға өз бетімен қосуға рұқсат бермеңіз. Бір рет жыпылықтап сыр берген сымды екінші мәрте пайдаланбаңыз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив