KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,5 м/с, З
480.61 534.53 5.28

Жармалық Зарина Примак әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

25.10.2018, 06:10 166


12-22 қазан аралығында Түркия мемлекетінің Анталия қаласында армрестлингтен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында әлем чемпионаты өтті.


Осы бәсекеге Жарма ауданының Шар қаласынан Зарина Примак пен Жекебай Мұсатаев жолдама алған. Нәтижесінде бұрын талай жарыстарда топ жарған жерлесіміз Зарина екінші орынды иеленіп, күміс жүлдегер атанды.


Зарина Примак бұл жолы да 65 кг жоғары салмақта сынға түсті. Айта кетелік, мүгедектер арасында өткен әлемдік додаға барлығы 56 мемлекеттен 2 мыңнан аса спортшы қатысқан. Қос спортшының Түркия мемлекетіне барып-қайтуына қаржылай демеушілік көрсеткен Бақыршық тау-кен байыту комбинаты мен жармалық кәсіпкер азаматтар екендігін де айта кеткен орынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив