KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Илья Ильин әлем чемпионатына қатыса ма?

1.10.2018, 05:06 156


Бұл чемпионат – 2020 жылы Токиода өтетін XXXII Жазғы Олимпиадаға жолдама беретін алғашқы турнир, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


2018 жылдың 1-10 қарашасы аралығында Түркіменстанда өтетін ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы бекітілді. Бұл туралы Қазақстан Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.


– Кеше ғана федерацияның кеңсесіне IWF-тан өтініш берілген команда құрамын Ашхабадта өтетін әлем чемпионатына жіберу туралы ресми мақұлдау келіп түсті. Алдағы чемпионат атлеттеріміз үшін дисквалификациядан кейінгі алғашқы халықаралық турнир болатыны белгілі. Дисквалификация кезінде бізге белгілі бір талаптар мен міндеттемелер қойылды, оларды федерация толық көлемде орындады, алынған құжат соны растайды. Құраманың өзіміз бекіткен құрамының әлем біріншілігіне жіберіліп отырғаны маңызды болып тұр, – дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алексей Головин.


ҚР Ұлттық құрама командасының бекітілген құрамы:


Ерлер:


– Арли Чонтей, 55 келіге дейін;


– Фархад Харки, 67 келіге дейін;


– Нижат Рахимов, 73 келіге дейін;


– Айдар Қазов, 81 келіге дейін;


– Денис Уланов, 89 келіге дейін;


– Рүстем Сыбай, 96 келіге дейін;


– Илья Ильин, 102 келіге дейін;


– Александр Зайчиков, 109 келіге дейін;


– Ибрагим Берсанов, 109 келіге дейін;


– Елдос Сайлау, +109 келіге дейін.


 


Әйелдер:


– Зүлфия Чиншанло, 55 келіге дейін;


– Сәуле Сәдуақасова, 59 келіге дейін;


– Асем Садықова, 64 келіге дейін;


– Карина Горичева, 64 келіге дейін;


– Надежда Лихачева, 71 келіге дейін;


– Екатерина Столяренко, 71 келіге дейін;


– Екатерина Быкова, 76 келіге дейін;


– Раушан Мешітханова, 87 келіге дейін;


– Айзада Мүптілда, +87 келіге дейін;


– Александра Аборнева, +87 келіге дейін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив