Альварес Головкиннің көзіне тік қараудан бас тартты
АҚШ-тың Лас-Вегасында Головкин-Альварес жұдырықтасуына қатысты қортынды жиын өтті. Бұл – екі спортшы қатар келіп қатысқан алғашқы мәслихат болатын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Десе де, Альварес Головкинмен көз түйістіруден бас тартты. Екі спортшы ортаға шақырылғанда, Альварес өз орнынан қозғалмай отырып алды. Оның себебін «дау болған допинг мәселесіне қатысты сұрақ көп қойылады» деп түсіндірді өзі. Бірақ Альварес мырза шаршы алаңда Головкиннің көзіне тіке қарауға дайын екен.
Естеріңізде болса, мамыр айында мексикалық боксшы допинг тестілеуден сүрінген болатын. Нәтижесінде бұл жиын қыркүйекке қалдырылған еді.
Сонымен, Головкин-Альварес арасындағы жекпе-жек, біздің уақыт бойынша, 16 қыркүйек күні таңғы сағат 8-дер шамасында өтеді