Қарулы күштер су басқан аудандарда тәулік бойы жұмыс істеуде
Әскерилер жергілікті халықты апатты аймақтардан көшіру, эвакуациялық пункттерге гуманитарлық көмек жеткізу, жағалауды нығайту жұмыстарын жүргізіп, суды бұруды және каналдарды тазартуды іске асырып жатыр.
Апаттан құтқару жұмыстарына 27 наурыздан бастап 523 әскери қызметші, 47 техника, оның ішінде 8 тікұшақ және әскери-көліктік авиация ұшағы жұмылдырылған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігі ақпаратына сүйеніп.
Абай облысында бөгетті нығайту үшін Аягөз ауданының Мамырсу ауылына 2400 текше топырақ жеткізіліп, 540 метр үйінді тұрғызылды.
Әскери ұшқыштар су басқан елді мекендерден ауылдарды эвакуациялауды жалғастыруда. Су тасқыны болған аудандарда Қарулы күштердің қосымша күштері мен құралдары жергілікті халыққа көмек келуге дайын.