KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Риддердегі төтенше жағдайдың себебі анықталды



8.12.2023, 15:30 255 0

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаев тұрғын үйлерді су басуға не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

-  «ЛК ГЭС» ЖШС-де су қабылдауды тоқтатпау үшін суды өзенге шектен тыс жіберген.  Бұдан кейін Хариузовка өзенінің бетіне қабыршақ мұз қатып, кептеліс пайда болған. Салдарынан су деңгейі көтеріліп, жақын маңдағы аумаққа жайылды, - деді қала басшысы.

Қазір мамандар төтенше жағдай салдарын жою бойынша барлық шараларды қабылдап жатыр. Суды мотопомпалармен сорып алып, аулаларды тазартты. Енді үйлердің іргетасын кептіруге кірісті.

ШҚО әкімі Ермек Көшербаев оқиға орнына дереу барды. Ол су басқан үйлердің тұрғындарымен сөйлесіп, қала басшылығына мәселені шешу бойынша барлық мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды. Келтірілген залалды есептеу үшін лицензиясы бар мекеме тартылып, жұмысын бастап кетті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)