Өскемендегі Достық үйінде мерекелік концерт өтті
1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында облысымызда көптеген мәдени-рухани іс-шаралар өтті. Олардың легі бүгін кешкісін Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында ұйымдастырылған мерекелік концертпен жалғасты.
Мерекелік концерт барысында көпшілік қауым Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымы дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалап, ерекеше әсер алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Концертке жиналған жұрт еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің өнерлерін тамашалап, мерекенің мәні мен маңызын сезініп қайтты.
Сонымен қатар,концертке келген қонақтар әртүрлі тақырыпты арқау еткен сурет көрмесін тамашалады.
Концерт барысында шешен этносының «Вайнах» ансамблі қазақ биін билеп, жиналған жұртты тәнті етті.