KZ
Өскемен
+17°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

ШҚО: Жыл басынан бері 1272 неке тіркелді



15.05.2025, 12:30 4 008 0 Гульжан Мусина

15 мамыр – әлем бойынша Халықаралық отбасы күні ретінде аталып өтеді. Бұл күн отбасылық құндылықтардың маңыздылығын еске салып, қоғам назарын отбасының әл-ауқатына, тәрбиелік рөліне және қорғалуына аударуға бағытталған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Отбасы – адам баласының алғашқы ортасы, тұлға болып қалыптасатын іргетасы. Бала дәл осы ортада алғашқы мінез-құлық үлгілерін бойына сіңіреді, өмірге деген көзқарасы қалыптасады. Сондықтан да бұл мейрамның мақсаты – отбасы институтын нығайту және отбасыларға қолдау көрсету.

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 1272 неке ресми түрде тіркелген. Бұл көрсеткіш өңірде отбасылық институттың өзектілігін және қоғамдағы маңызын тағы бір мәрте айғақтайды.

Бүгінде Қазақстанда бала тәрбиелеп отырған отбасыларға кешенді қолдау көрсететін жүйе жұмыс істейді. Оған мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту бағдарламалары, салықтық жеңілдіктер және өмірдің әр кезеңіне арналған әлеуметтік қорғау тетіктері кіреді.

Мысалы, республикалық бюджеттен бала тууына байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі:

1, 2, 3-балаға – 149 416 теңге (38 АЕК),

4 және одан да көп балаға – 247 716 теңге (63 АЕК).

Сондай-ақ бала 1,5 жасқа дейінгі күтіміне байланысты ай сайын:

бірінші балаға – 22 649 теңге,

екінші балаға – 26 777 теңге,

үшінші балаға – 30 867 теңге,

төртінші және одан да көп балаға – 34 995 теңге төленеді.

Төрт және одан да көп баласы бар отбасыларға – 63 030 теңгеден бастап жәрдемақы қарастырылған. Сонымен қатар көпбалалы аналарға арнайы мемлекеттік қолдау шаралары да бар.

Мемлекет жүргізіп отырған бұл саясат отбасы құндылықтарын нығайтуға және әрбір баланың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу

Пікірлер (0)