KZ
Өскемен
+20°
пасмурно жел 5,3 м/с, З
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да 56 кәсіби патронаттық отбасы тіркелді

Фото: egemen.kz

30.06.2023, 11:15 372

Қазіргі кезең бойынша облыста 56 кәсіби патронаттық отбасы тіркелді.

ШҚО білім басқармасы патронаттық отбасылар мен оларға көрсетілетін қолдау туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Дерекке сүйенсек, соңғы жылдары отбасыларға тәрбиелеуге берілетін балалар саны артқан. Дегенмен, бүгінгі таңда облыстағы мемлекеттік мекемелерде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 411 бала тәрбиеленіп жатқан көрінеді.

Қазір асырап алу, қамқоршы тағайындау, патронат және бала қабылдайтын отбасылар сынды шешім қарастырылған.

Облыс бойынша осы кезеңде 56 кәсіби патронаттық отбасы тіркелген. «Патронаттық отбасы» Қазақстанда 2004 жылдан бері жүзеге асырылып келеді.

Басқарма дерегі бойынша, мемлекеттік мекемелердегі балаларды тәрбиелеуге қабылдаған патронаттық отбасыларды қолдау мақсатында биылғы маусым айынан бастап патронаттық тәрбиешілердің қызметіне төленетін ақы мөлшері 35 АЕК-ке дейін арттырылды (120 750 теңге).

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив