21 ақпанға арналған ауа райы болжамы - "Қазгидромет"
Синоптиктердің болжауынша, 21 ақпан күні ел аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп, күндіз оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді және бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысында жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді, осыған байланысты өңірде дабылды ескерту жарияланады, – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.
Мамандардың мәліметінше, ШҚО-да күндізгі және түнгі ауа температурасы 0-ден -5 грудс аралығында болады.
Оқи отырыңыз