KZ
Өскемен
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Көктемнің алғашқы күнінде ауа райы қалай болады?

1.03.2019, 03:31 177

Синоптиктердің айтуынша, көктемнің алғашқы күнінде еліміздің бірқатар өңірінде жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

«Шығыс Қазақстан облысында күн алабұлтты, жауын-шашын жауады. Жаяу бұрқасын соғып, тұман түседі. Көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады», - деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.

 

Мамандардың мәліметі бойынша, Шығыстағы Жарма ауданында жел екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді. Ал өңірдегі ауа температурасы күндіз 5 градусқа дейін, түнде 3-8 градус нөлден төмен.

 

Оразай Жеңісұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив