KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
479.23 534.96 5.16

«Ауылдық квотамен» оқыған студенттер мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз болып шықты

11.02.2019, 09:11 151

«Ауылдық квотамен» оқыған студенттер мемлекетке 1,2 миллиард теңге қарыз болып шықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы ЖОО бітірушілердің жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізетін «Қаржы орталығы» АҚ мәлімдеді.


Орталықтың мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта сотта «ауылдық квота» шеңберіндегі мемлекеттік грант бойынша оқу шығындарын өндіріп алу туралы 68 арыз қаралуда. «Қаржы орталығының» пайдасына 877 сот актісі де шыққан екен. Өтемнің жалпы сомасы 1 миллиард 280 миллион теңгені құрап отыр. Бұл 2012-217 жылғы түлектердің берешегі. Ал істің мән-жайын орталық директоры былай түсіндірді.


– Ауылдарда мамандар тапшылығы байқалғандықтан, мемлекет ауылдық мектеп түлектері үшін белгілі бір жеңілдік жасаған болатын. Яғни олардың грантқа түсудегі шекті баллы қала мектептерінің бітірушілеріне қарағанда төмен болды. Бірақ «Ауылдық квота» бойынша білім гранттарын алған студенттер оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндетті. Бұл педагогикалық, медициналық және ветеринарлық мамандықтардың түлектеріне қатысты, – дейді орталықтың директоры Асқар Ибраимов.


А.Ибраиовтың айтуынша, жас мамандардың барлығы бірдей аталмыш талапты орындамаған. 2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін медициналық, педагогикалық және ветеринарлық мамандықтар бойынша 16208 студент ауылдық квотамен мемлекеттік білім беру грантын алып, оқуды аяқтапты.


Қазір сот арқылы 381 жас маманмен бюджет қаражатының шығындарын өтеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді.

– Біз оларға міндетті түрде жұмыс істеу туралы хабарлама жібердік. Телефон арқылы келіссөз де жүргіздік, – деп атап өтті «Қаржы орталығында».


Айта кетейік, 2018 жылы аталған үш мамандық бойынша ауылдық квота негізінде 2000-нан астам түлек оқуды аяқтады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив