KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 3 м/с, В
467.29 501.03 5.35

Жас аналарды алдын-ала қамқорлыққа алу қажет - Даниал Ахметов

23.01.2019, 10:11 85

ШҚО Денсаулық саласында обыр мен туберкулездің таралуы азайып, ана мен бала өлімі артқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Бала өлімі 1,4 пайызға өсіп отыр. Сондай-ақ, Семейде екі, Жарма ауданында бір ана өлімі тіркелді» - дейді  ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысыС.Ұлақова.


Облыс басшысы аталмыш олқылықтардың орнын толтыру үшін биыл тыңғылықты жұмыс істеу қажеттігін атады. Әсіресе, денсаулық сақтау, білім, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармаларына білек сыбана еңбектену жүктелді.


«Ана өлімі бойынша өрескел жайттар тіркелгені жасырын емес. Алдын-ала жас аналарды қамқорлыққа алу қажет. Дәрігерлердің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін қызметін бағалау критерилерін дайындауды тапсырамын. Осы критерий бойынша олардың өз кәсібіне қаншалықты лайық екенін анықтайтын боламыз. Ал халықтың өмір сапасын жақсарту мақсатында ауызсусыз отырған елді мекендерге қомақты қаражат сұрап отырмыз. Қазір энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының қолында 100 жоба бар. Оны жүзеге асыру үшін 61 млрд теңге қажет. Осы бағытта тиімді іс атқаруымыз керек. Мектептерді ІТ-технологиямен жабдықтау ісінен шағын мектептер шет қалмауы тиіс. Ондай проблема бар. Тым болмағанда шағын білім ошақтарына интерактивті тақталар орнату қажет. Бұл шаруа сәуір айына дейін тиянақ табуы тиіс» - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив