KZ
Өскемен
-5°
пасмурно жел 1 м/с, С
491.71 529.97 5.05

Қаңтарда ауа райы қалай болады?

7.01.2019, 04:45 166

Қаңтар қарлы болады деп күтілуде. Синоптиктерге сенсек, жыл басында күн райы жылы болады. Бірақ аядың аяғына қарай аяз айтарлықтай қыса түсуі мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Қазгидромет» хабарына сүйенсек, қаңтар айында жауын-шашынның мөлшері Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Павлодар өңірінде нормадан төмен болады. Айдың алғашқы күндерінде солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтар суық антициклонның ықпалында болады. Түнгі уақытта термометрлер 25-30, кей жерлерде 35 градус, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус аязға дейін төмендейді.


– Алдын-ала болжам бойынша, қаңтар айында орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 1 градус нормадан жоғары болады, ал қалған аумақтар климаттық нормаға жақындайды, – деп болжайды мамандар.


Жалпы қаңтар айында еліміздің көптеген бөліктерінде жылы және тұрақты ауа райы күтілуде. Тек екінші және үшінші онкүндіктердің басында ауа температурасының төмендеуі мүмкін.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив