KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Алакөлдегі өртте зардап шеккендер бар ма? ҚР ТЖМ жауап берді

18.07.2022, 14:17 210
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов Алакөлдегі өрттің шығу себептері мен өрттен келген шығын туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Еске салайық, 4 шілде күні Алакөл жағалауында өрт шыққан болатын. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оның аумағы 3000 шаршы метрді құрады.
Өрт төрт демалыс орталығындағы ғимаратты шарпыды. Өрттің тез таралуына және аумақтың ұлғаюына әсер еткен негізгі факторлар, біріншіден, табиғат құбылыстары – жел мен құрғақ ауа райы. Екіншіден, бұл үйлердің өте тығыз орналасуы және осы үйлер жасалған құрылыс материалдарының ерекшелігі. Олар ағаштан жасалған, бұл да өрттің қарқынды дамуына ықпал етті. Айта кету керек, өрт сөндірушілердің алғашқы бөлімшелері 2 минут ішінде жетті. Алдағы уақытта күштер мен өрт сөндіру құралдарының санын ұлғайту жүзеге асырылды, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдерінен, тіпті жергілікті атқарушы органдардан қосымша көліктер тартылды, - дейді  Дмитрий Титов. 
Сондай-ақ ол өрттен зардап шеккен демалыс орындарының иелеріне келтірілген шығынды өтеу туралы да айтып өтті.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс қозғады. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде. Бұл іс-шараларға өрт сөндіру зертханасы да тартылып отыр. Бүгінгі таңда барлық қажетті жұмыстар жүргізілді. Кінәлі тұлға анықталса, сәйкесінше, меншік иелеріне келтірілген материалдық шығынды өтеу соған жүктеледі, - деді Дмитрий Титов.
Сонымен бірге, оның айтуынша, демалушылар арасында өрттен зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.
- Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жоқ. Жақын маңдағы емдеу мекемелеріне жүгініп, есеңгіреу жағдайына байланысты қаралған азаматтар болды. Оларға көмек көрсетілді. Күйік болған жоқ, - дейді Дмитрий Титов. 
Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу