2025 жылы зейнетақы төлемдері қалай өзгереді?
pexels.com
"Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" ағымдағы жылы зейнетақы төлемдерінің қалай өзгеретіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
2025 жылға дейін зейнетке шыққандарға берілетін зейнетақы төлемдері биылдан бастап 5 пайызға өседі.
Мұндай өзгеріс Үкімет қаулысымен 2023 жылы бекітілген.
Төлем былай есептеледі. Алғашқы жылы зейнетақы жинағының сомасы салымның 6,5% мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан кейінгі жылдары ай сайын алатын зейнетақы төлемі 5 %-ға артады.
Сондай-ақ, І немесе ІІ топтағы мүгедек, зиянды және қауіпті өндірісте жұмыс істеген азаматтар үшін де төлем мөлшері өседі.