Өскеменде 7 бірдей саяжайды тонап кеткен әккі ұры ұсталды
31 жастағы Өскемен тұрғынының саяжаяйында қыс мезгілінде белгісіз тұлға терезені қысып ашу жолымен кіріп, спорттық велосипед, палатка, сондай-ақ жатын қабын (спальный мешок) ұрлап кеткенін "102" жедел арнасына хабарлады. Материалдық шығын 90 000 теңгені құраған.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді. Ұрланған зат толығымен тәркіленді.
- Тергеу барысында күдіктінің 7 саяжай ұрлығын жасағандығы дәлелденді, олар бойынша заттай дәлелдемелер алынады. Ұрланған заттардың 15-тен астамы тәркіленді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Қазіргі уақытта дәлелдемелік базаны жинауға және күдіктінің осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралары жүргізілуде.
Қаскөй 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.