KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
471.83 505.66 5.4

Таңғы сағат 5-те өскемендік зейнеткер алаяқтың құрбаны болды

1.02.2022, 17:03 204

18 қаңтар күні Өскемен қаласы «102» жедел арнасына 67 жастағы зейнеткер жүгініп, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан.

Жәбірленуші сол күні таңғы сағат 5-те Б.Гагарин көшесінде кетіп бара жатып, өтіп бара жатқан бейтаныс әйелге өзінің телефонын беріп такси шақырып беруін өтінген. Зейнеткерге жәрдемдесуге бірден келісе кеткен әйел, қолына сымсыз техника түскен соң, жүрісін үдете түсіп қаша жөнелген. Келтірілген залал 150 000 теңге сомасына бағаланды.

- Тәртіп сақшылары дереу қылмысты ашуға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері «ізін суытпай» күдіктіні анықтап, ұстады. Ол облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу кезінде кінәсін мойындады. Бүгінгі таңда қаскөйден ешқайда кетпеу туралы қолхат алынд, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив