Семейдің көшелерінде жасөспірім мылтықпен жүр
Семей қаласындағы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 342 кварталдағы «Радуга» сауда үйі ауданында жас жігіт мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қолында телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы семейлік жігітті тауып алып, ұстады.
Тексеру барысында жасөспірім екі күн бұрын тойлаған туған күніне орай ата-анасы берген ақшаға ұсталған ойыншық қару сатып алғаны белгілі болды.
- Затон полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Ойыншық мылтық туған күн иесіне қайтарылды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.