Заңсыз айналымнан 59 қару тәркіленді
Іздестіру шараларын жүргізу барысында ШҚО Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері заңсыз айналымнан 59 бірлік қару мен 242 дана ойық қаруға арналған патрон тәркіледі.
Тәркіленгендердің ішінде - ойық қарудың 9 түрі (оның ішінде шолақ қару), 1 - қолдан жасалған, 46 - тегіс ұңғылы (5 шолақ қару), газ пистолеті, травматикалық пистолет және электрошокер.
- Барлық тәркіленген қару фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің» 482-бабы бойынша 52 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабы бойынша 22 қылмыстық іс қозғалды.
Іс-шара барысында барлығы 10569 азаматтық қару иелері тұрғылықты жері бойынша тексерілді.
Тексеру нәтижесі бойынша 168 бұзушылық анықталап, олар бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде «сақтау ережелерін бұзғаны үшін Кодекстің» 484-бабы бойынша – 115 факт және «қайта тіркеу ережелерін бұзғаны үшін Кодекстің» 486-бабы бойынша – 53 жағдай тіркелді», - деді ПД бастығының бірінші орынбасары Е. Д. Закимов.7