KZ
Өскемен
+13°
ясно жел 0,8 м/с, СБ
480.5 534.22 5.18

Фотошоппен түрін келтіріп, полицей боп жүрген семейлік тұрғын ұсталды

9.03.2022, 16:49 157

Семей қаласының тұрғыны құжат жасатып, фотошоптың көмегімен тәртіп сақшысы кейпіндегі сурет жапсырып алған. 
Осылай, ағымдағы жылдың ақпан айының ортасында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күртесінің оң жақ сыртқы қалтасында өз атына полиция қызметкерінің құжатын сақтаған 21 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Кейін табылған зат жалған болғаны белгілі болды. 
Күдікті құжаттың сыртын сатып алған және полиция қызметкерінің қызметтік куәлігінің үлгісін тауып алып, оны өзіне қайта жасағаны анықталды. Құжатта полицей учаскелік полиция инспекторы ретінде тіркелген.  
Семейлік тұрғын бұл іске байыппен қарап, тіпті фотошоптың көмегімен тәртіп сақшысы кейпіндегі сурет жасап алған. Осылайша қарапайым тұрғын «батыл» учаскелік полиция қызметкеріне айналған. 

- Ұсталған азамат өзінің достарына фейк жасағанын айтып,  өз кінәсін мойындады. Қаскүнемге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 385 бабы 1 бөлігі –санкциясы 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген «Жалған құжаттарды дайындау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив