Зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен қаскөй ұсталды
ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Риддер қаласы ПБ криминалдық полициясымен бірлесіп, ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде болған Риддер қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады.
71 жастағы зейнеткердің мүлкін ұрлағаны үшін оған тағайындалған бұлтартпау шарасын бұзғандықтан қаскөй іздеуге жарияланған.
Ол өзінің 30 жастағы сыбайласымен бірге өткен жылдың 3-4 мамыр аралығында жәбірленушінің үйінің қоршауынан құны 10 000 теңгеге бағаланған 2 шойын батареясын ұрлаған.
- Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 188-бабы 3-бөлігі – «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның санкциясында 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.