KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау көрсетіледі

28.10.2023, 15:30 563 Оразай Жеңісұлы

Костенко шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды  Altaynews.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

"Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтады. Оқу-ағарту министрінің тапсырмасы бойынша қаза тапқан кеншілердің балаларына барлық қажетті қолдау шаралары көрсетілетін болады", - делінген комитеттің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, Қарағанды облыстық білім басқармасының жанынан қаза тапқан және зардап шеккендердің балаларына көмек көрсету үшін Оқу-ағарту министрлігінің, білім басқармасының, Қарағанды облысының Бала құқығы жөніндегі өңірлік уәкілінің, мектептердің, әлеуметтік педагогтардың, педагог-психологтардың өкілдерінен тұратын мобильдік топ құрылды.

Мобильді топ жұмысының аясында балалардың тізімдері қалыптастырылуда. Қаза тапқан және зардап шеккендердің отбасыларынан шыққан балаларға жан-жақты психологиялық көмек көрсетіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу