KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

ШҚО делегациясын Башқұртстан тасымалдаушыларының тәжірибесі қызықтырды

23.11.2023, 09:40 250 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы «Халықаралық бизнес апталығы-2023» форумы аясында Уфа қаласында 1921 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Башавтотранс» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының қызметімен танысты.

Бұл кәсіпорынның 16 көлік филиалы және орталықтандырылған күрделі жөндеу жүргізетін бір базалық бөлімшесі бар, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, кәсіпорын мамндары автокөлік паркі, автовокзалдар, автостанциялар және кассалық пункттердің тармақталған желісіне күрделі жөндеу жүргізеді. Олардың қызметін Башқұрт автовокзалдар және жолаушылар автостанцияларының өндірістік бірлестігі қамтамасыз етеді.

– Кәсіпорынның автобустары күн сайын қалалық, қала маңындағы, қалааралық және өңіраралық бағыттар бойынша 250 мың жолаушыны тасымалдап, 9 мыңнан астам рейс жасайды, – деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Айжан Рахымбаева.

Уфа қаласында өтіп жатқан халықаралық бизнес апталығы аясында ШҚО делегациясы автобус маршруттарының жұмысына мониторинг жүргізетін Башқұртстан Республикасының «Тасымалдауды ұйымдастыру орталығы» мемлекеттік қазыналық мекемесінің жұмысымен де таныстырды.

– Республика аумағында «Алға» бірыңғай көлік картасы жұмыс істейді. Бұл карта арқылы жолаушылар жол жүрген белгілі-бір жеңілдікті пайдалана алады, ал Уфа тұрғындарына бір сағат ішінде басқа қоғамдық көліктерде тегін жүре алады. Шығыс Қазақстанда да көлік инфрақұрылымын дамыту және цифрландыру мәселесіне көп көңіл бөлінеді, сондықтан башқұртстандық әріптестердің тәжірибесі біз үшін өте қызықты болды, – деп түйіндеді Айжан Рахымбаева.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив