KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.41 477.78 4.84

Өскемендегі әскери бөлімде ашық есік күні өтті

9.10.2019, 04:18 411

2019 жыл 4 қазанда «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 27943 әскери бөлімінде Ұлан ауданының орта мектептерінің 10-11 сынып оқушылары жалпы саны – 70, жоғарыда тұрған басшылық талаптары негізінде өткізілген ашық есік күні штаб батальоны мен 2 мотоатқыштар батальонының атқыш қарулар түрлерін тамашалап, казармалық үй-жай және әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты.

Ашық есік күнінің мақсаты: жеткіншектерді болашақта мамандық таңдаудың кәсіби бағдар-бағытынан хабардар ету және әскери-патриоттық рухта отансүйгіштікке тәрбиелеу.

27943 әскери бөлімінде іс-шараны ұйымдастырып, өткізуді өз қолына алған бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары майор А.К. Таждинов мырза тәрбиеші офицерлермен бірге, келген қонақтарды бөлімнің бақылау өткізу пунктінен қарсы алды.

Іс-шараға Ұлан ауданы орта мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекшілері мен Ұлан ауданының қорғаныс істер бөлімінің өкілдері және бөлімдегі әскери қызметшілердің отбасыларымен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі азаматтық персонал Рауан Кимбатбекова қатысып, жасөспірім-жеткіншектерге адамгершілік пен адалдық және табандылық пен төзімділік тұлға болып қалыптасудағы ерекше қасиеттер екенін айтып, жеткізді.

Әскери бөлімде қонақта болған осы ауданның орта мектептері «Жасұлан», «Арыстан», «Динамит», «Жас сарбаз» және «Жас мерген» әскери патриоттық клубының тәрбиеленушілері атыс қаруларына деген қызығушылықтарын танытып, көптеген сұрақтар қоюмен болды.

Сарбаздар мен мектеп оқушылары арасында футбол, арқан тарту бойынша сайыс өтті. Сайыс әскери-патриоттық тәрбие беруді арттыру және жасөспірім-жеткіншектер арасында жаппай спортты дамыту шеңберінде спорт және дене дайындығының бастығы аға сержант Алмас Айдархановтың ұйымдастыруымен өткізілді.

Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Өздерінің ағаларының ізімен жүріп, «Жасұлан», «Арыстан», «Динамит», «Жас сарбаз» және «Жас мерген»  әскери патриоттық клубы тәрбиеленушілерінің біршамасы болашақта Қарулы Күштердің қатарын толықтырып, Отанқорғаушы болуды армандайды. Мектептердің әкімшілік басшылықтары тараптарынан әскери бөлім басшылығына жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде көрсеткен қолдаулары мен қамқорлықтарына алғыс білдірумен  аяқталды.

27943 әскери бөлімі

капитан Н.Малгаждаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив