KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстаннан қант экспорттауға уақытша шектеу енгізілді

pexels.com

16.06.2024, 15:00 128 Назерке Каримова

31 тамызға дейін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге қант әкетуге уақытша шектеу енгізілді.

«Қант әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 11 маусымдағы № 196 бұйрығы 14 маусымнан бастап күшіне енді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жазғы кезеңде халық та, индустриялық тұтынушылар тарапынан да қантқа сұраныс артады. Ішкі нарықты қантпен қамтамасыз етуге байланысты оның экспортына уақытша тыйым енгізіліп отыр.

– Шектеу ҚР аумағы арқылы халықаралық қант транзитіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына қант тасымалдауға қатысты қолданылмайды, – делінген министрлік ақпаратында.


Қазіргі уақытта елдегі қант қоры қант қызылшасының жаңа өнімі басталғанға дейін қантқа деген сұранысты қамтамасыз ету үшін жеткілікті.

Бұдан бөлек, отандық қант зауыттары қант өндіру үшін үшінші елдерден қамыс шикізатын әкеледі.

Қазіргі уақытта министрлік өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін шикі қантты бажсыз әкелуге өтінімдер қабылдауды жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, ЕЭК аясында Қазақстан Республикасы үшін ағымдағы жылы 300 мың тонна көлемінде шикі қант бажсыз әкелуге квота келісілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу