KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

ШҚО-да аюды заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

12.11.2021, 11:04 112

Ағымдағы жылдың 20 қазаны мен 19 қараша аралығында облыс аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға анықтауға және жолын кесуге бағытталған "Браконьер" республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

3 қарашада ШҚО полицейлері аю аулаған Алтай ауданының 45 жастағы тұрғынын анықтады. Жергілікті тұрғын аюдың етін пайдаланып, терісін одан сату үшін ниеттенген екен.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337 – бабы-Заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Осы баптың санкциясымен 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген», - дейді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Айта кетейік, жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 200-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді, онда 420 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық, оның ішінде 276-ы аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін анықталды. Сонымен қатар, 5 браконьер анықталып, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив