KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Тарбағатай ауданында 178 инфрақұрылымдық жоба іске асты

pexels.com

24.12.2015, 12:30 13 Төлеуғазы Жансая

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында әкімдерге экономиканың құрылымын өзгертуге баса назар аударуды тапсырды. Негізгі мақсат – азаматтардың табысын арттыру. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында, биыл Тарбағатай ауданын дамытудың кешенді іс-шаралар жоспары жалғасты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тарбағатай ауданында іске асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту және әлеуметтік салада жинақталған мәселелерді тиімді шешу. Аудан экономикасының қарқынды дамуы үшін инфрақұрылым жүйесін ретке келтіру маңызды.

2022 жылы: 30 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Жобаларға 1 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінді.

2023 жылы 135 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Жобаларға 6 миллиард 629,5 миллион теңге қаражат жұмсалды.

2024 жылы 178 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды. Жобаларға 7 миллиард 681 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражаттың 36,1 пайызы, яғни 4 миллиард теңге, әлеуметтік салаға бағытталды.

Әлеуметтік жобалардың басты мақсаты – халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және оларға қажетті инфрақұрылымдық қолдау көрсету. Биыл 7 миллиард 681 миллион теңге қаражаттың 36,1 пайызы, яғни 4 миллиард теңге, әлеуметтік салаға бөлініп отыр. Осы қаражат аясында бірнеше маңызды жобалар жүзеге асырылды – жаңа мектептер салу және мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық мекемелердің жағдайын жақсарту, жаңа емханалар мен ауруханалар салу, әлеуметтік нысандардың құрылысын аяқтау, оларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, жолдар мен көлік желілерін жақсарту, жаңа жолдар салу.

Тарбағатай ауданының әлеуеті жоғары және болашақта көптеген мега жобалардың жүзеге асырылуы жоспарлануда. Ақжар ауылдық округіндегі жобалар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосады.

Ақжар ауылына орталық жылу қазандығының және жылу жүйелерінің құрылысына жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде. Қазіргі таңда екі жоба мемлекеттік сараптамаға енгізіліп отыр. Жылу жүйелерінің ұзындығы 8000 метр, қуаттылығы 11,5 Гкал/сағ болады. Қазандық құрылысына 587,0 миллион теңге, ал жылу трассасына 1,2 миллиард теңге қаражат қажет. Бұл қазандық іске қосылған кезде Ақжар ауылындағы 27 әлеуметтік нысан және 15 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Ақжар ауылына иппотерапия орталығын, яғни атпен емдеу тәсілін енгізу жоспары бар. Қазіргі таңда жоба талқыланып, оның жүзеге асырылуы үшін қаржыландыру көздері анықталуда. Бұл орталық ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға және емдеудің заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Президенттің тікелей тапсырмасымен Зайсан – Тарбағатай аудандары ортасындағы Сатпай ауылының маңына әуежай салу жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл әуежай аймақаралық байланыстарды жақсартып, экономикалық дамуға серпін береді. Әуежай құрылысы халықтың сапарларына қолайлы жағдай жасайды және туризмді дамытуға мүмкіндік береді.

Тарбағатай ауданының даму перспективалары жоғары. Қолға алынған және жоспарланған мега жобалар ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттырып, ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен үлес қосады. Ауданымыз тоғыз жолдың торабындағы, логистикасы дамыған, қарқынды дамыған аймаққа айналатынына сенім мол.

Ержан Әбіш

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу