ШҚО-да бес теміржол вокзалы жаңартылады
Қазақстанның барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Ауқымды республикалық бағдарлама аясында Шығыс Қазақстан облысындағы бес теміржол вокзалы да жаңартылады.
Шығыс Қазақстандағы теміржол вокзалдарын жаңарту – өңірдің көлік байланысын жақсартуға және экономикалық серпінге серпін беретін маңызды қадам. Жаңартылған вокзалдар жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып қана қоймай, аймаққа келетін туристерді де заманауи стандарттарға сай қарсы алуға мүмкіндік береді.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл бағдарлама аясында танымал туристік бағыттарда орналасқан 21 вокзалға да реконструкция жасалады. Айта кетерлігі, жаңарту барысында отандық өндірістегі құрылыс материалдарын пайдалану басымдыққа ие болады. Бұл өз кезегінде ішкі экономиканы дамытуға және жергілікті өндірушілерді қолдауға септігін тигізбек.
Табиғи байлыққа, мәдени мұраға және өндірістік әлеуетке ие Шығыс Қазақстан өңіріне қызығушылықтың артып отырған тұсында теміржол вокзалдарын жаңарту шекара маңындағы сауданы және туристік бағыттарды дамыту мақсатындағы орынды шешім болып отыр.
Фото: ҚР Көлік министрлігі