KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

"Омбы-Майкапчагай" жолында телефон ұрлап, көлікке жасырынбақ болды

16.02.2021, 09:51 216

Қаңтар айының соңында «102» жедел арнасына «Омбы-Майкапчагай» тасжолында «Nissan Nott» маркалы көліктегі белгісіз тұлғалар 44 жасар азаматтың 130 000 теңге тұратын ұялы телефонын ашық түрде ұрлап, жасырынып кеткені туралы хабарлама түсті.

Барлық полиция бөлімдеріне және жол-патрульдік полиция қызметкерлеріне күдікті автокөлікке қатысты бағдарламалар жолданды. Оқиға орнына Бесқарағай АПБ-ның жедел тергеу тобы аттанды.

-  Дер кезінде қабылданған жедел әрі шапшаң іс-әрекеттер барысында тәртіп сақшыларымен полиция бөліміне 29-жасар Семей қаласынын тұрғыны жеткізілді. Ер адам жасаған қылмысын мойындады, ұялы телефон тәркіленді,- деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 191 б. 1б. (тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу