Үкімет фермерлерге жеңілдік жасады: айыппұлдар мен өсімпұлдар кешіріледі
depositphotos.com
Қазақстандық аграрийлерге мемлекеттен қолдау көрсетілмек. Енді фермерлер негізгі қарызын өтесе, бұрын салынған айыппұлдар мен өсімпұлдар кешіріледі. Сонымен қатар, несие мен лизинг бойынша төлем мерзімдері кейінге шегерілуі, ал бұрынғы қарыздар қайта құрылымдалуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Sfk.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Аграрлық несие корпорациясы мен «ҚазАгроҚаржы» да қарыздарды жеке тәртіппен ұзарту мүмкіндігін қарастыруға дайын. Ол үшін фермер өзінің қаржылық мүмкіндігін дәлелдеуі қажет. Бұл шаралар жаңа ғана емес, бұрынғы қарыздарға да қатысты.
2024 жылы Қазақстанда «Өсімпұлсыз қарызды өте» акциясы жүргізілген болатын. Қарызын кешіктіргендер негізгі соманы қайтарып, айыппұлдан босатылған. Енді бұл тәжірибе ресми түрде жүйеленді.
2025 жылы ауыл шаруашылығын қолдауға 440 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді.
Бұл қаражат жергілікті бюджеттер арқылы бағытталады. Сонымен қатар, резервтен қосымша 48,4 млрд теңге тыңайтқыштар үшін, ал 10 млрд теңге былтырғы қант қызылшасына берілмеген субсидияларды өтеуге бөлінді.
Бұл шаралар мемлекет тарапынан аграрлық сектор алдындағы жинақталған міндеттемелерді ішінара өтеуге бағытталған.