KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
509.94 593.88 6.43

Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

depositphotos.com

9.06.2025, 08:00 180 Ержан Әбіш

«Қазгидромет» маусымның 9-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әлі де Қазақстанның басым бөлігіне ықпал етеді.

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ жауып, жел күшейеді, шығыста қатты жаңбыр болады. Түнгі және таңертеңгі уақытты еліміздің солтүстігінде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік батысында, оңтүстік шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу