KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Жел күшейіп, солтүстікте тұман түседі – Қазгидромет

фото: depositphotos.com

19.08.2024, 09:08 245 Оразай Жеңісұлы

«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 19-ы күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Кәсіпорынның деректеріне қарағанда, 19-шы тамыз күні солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылып тұрады, найзағай ойнап, бұршақ жауады және дауыл тұрады, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік – шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшейіп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман түседі.

- Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жетісу облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, - деп жазылған хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу