Өскеменде татар халқының дәстүрлі Сабантой мейрамы аталып өтті
Өскемендегі этноауылда татар халқының дәстүрлі мерекесі – Сабантой салтанатты түрде аталып өтті. Шараға қала тұрғындары, ақсақалдар, этномәдени бірлестік өкілдері мен қонақтар қатысты, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мереке ұлттық нақыштағы ән-бимен басталды. "Сабантуе без котлы булсын!" деп бір-бірін құттықтаған жұрт этноауылда көтеріңкі көңіл күймен бас қосты. Бұл тек көңіл көтеру ғана емес, еңбексүйгіштік пен достықты дәріптейтін, татар мәдениетінен сыр шертетін ерекше шара болды.
Сахнада түрлі ұлт өкілдері ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би биледі. Балалар үшін түрлі ойындар мен байқаулар ұйымдастырылды. Қонақтар көрме-жәрмеңкеден дәм татып, ұлттық тағамдармен танысты. Ал "Сарман", "Яшьлек", "Вайнах", "Еркетай", "Русская песня" ансамбльдері өз өнерлерін паш етті.
Сабантой кезінде қаппен секіру, арқан тарту, күрес, қасыққа жұмыртқа салып жүгіру сияқты ұлттық ойындар ойналып, гармоньмен ән айту және тақпақ айту байқаулары өтті. Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Салтанатты шараға Татарстан, Семей, Шемонаихадан келген қонақтар мен өнерпаздар да қатысты. Олар татар халқын ұлттық мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Облыстық татар этномәдени бірлестігінің төрағасы Ғабдулхай Ишмуратов Сабантойдың ел ішіндегі татулықтың айғағына айналғанын атап өтті.
Мерекеге ән-жырымен келген облыстық татар этномәдени бірлестігінің өкілі Рамина Рафисова бұл мейрамның әр ұлтты бір арнаға тоғыстыратынын атап өтті. Ал облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы директорының орынбасары Равиль Юнусов.
Көңілді өткен Сабантойдан үлкен де, кіші де ерекше әсермен тарқасты.
Фото: Жібек Нұрахмет
Видео: Жәнібек Ырысбай














