Тарбағатайда туризм қанат жаймақ: жаңа демалыс аймақтары құрылуда
Зайсан көлінің жағалауында жаңа туристік рекреациялық аймақтар ашылып, туризм аудан экономикасының негізгі бағыттарының біріне айналмақ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өткен жылы Тарбағатайда туристер саны үш есеге артқан. Қазір аудан аумағында туристерді қабылдайтын үш орын жұмыс істейді. «Зайсан демалыс аймағы» жобасы үздік туристік рекреациялық аймақ ретінде танылып отыр.
«Туризм – шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Зайсан жағалауында инфрақұрылымды жаңартып, Байтоғас пен Жетіаралда жаңа демалыс орындарын ашамыз. Инвесторларды тартып, кемінде екі санитарлық-гигиеналық торап салынбақ», – деді әкім халықпен кездесуде.
Облыс бойынша жаңа туристік нысандардың құрылысы жүйелі түрде жүргізілмек.
Фото: Махаббат Ахметжанова
Оқи отырыңыз
ШҚО-да «Үздік туристік-рекреациялық аймақ» байқауы басталды Үлкен Нарын – туризмнің жаңа тұғырында: бірнеше туристік алаң салынбақШҚО-ның туристік әлеуеті: үздік жобаларға 200 млн теңгеден бөлінедіТабиғаты тамсандырған Зайсанға 2024 жылы 20 мыңдай турист келгенТуризм саласы Зайсан ауданының экономикасын әртараптандыруға тиіс



